MARA GAZIZOV
Воскресенье, 19.05.2024, 18:13
Меню сайта
Форма входа
Поиск
Главная » 2011 » Декабрь » 10 » Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл
22:55
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл
1991 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң қабылданғаны белгілі. Биыл тәуелсіздіктің 20 жылдықмерейтойын кең көлемде атап өтудің арнайы тұжырымдамасы дайындалды. Қазір Қазақстан бүкіл әлем мемлекеттері ішінде өз орнын таба білді. Әлем жұртшылығы Қазақстан мемлекетін мойындады. Алғашында мал бағып жүрген көшпенді халықтың болашағы өркендейді деген ешкінің ойына да кіріп шықпаған, түсіне де енбеген, фантастикалық қиял ғажайып болып көрінген. Бірақ фантастиканың шындыққа жанасарын кім білген? «Ырыс - ынтымағы жарасқан елді төңіріктейді» дегендей, Қазақстан қазір ұлттық әл-ауқат жөнінен әлем мемлекеттері рейтингісінде 110елдің қатарында 50-ші орында тұр. Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың кемеңгер басшылығы арқасында мемлекетті қалыптастыруда ғасырдың жүгін арқалаған уақыттар өтті, қыруар істер 20 жылда жүзеге асырылды. Ең бастысы - аспанымыз ашық, халқымыздың бірлігі жарасып, ынтымағы нығая түсті. Кезінде 102 ұлттың өкілі мекендеген Қазақстан халықтар достығының ұясына айналды. Бүгінде қазақ елін бүкіл төрткүл дүние біледі, оның бейбітшілік сүйгіш саясатымен санасады. Жер көлемі жағынан дүние жүзінде 9-шы орын алатын еліміз, әлемдік қоғамдастықтан өз орнын иеленді. Бұл күнде мемлекеттік рәміздеріміз бекітіліп, шекарамыздың айқындалуы, қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілуі-тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет құндылықтар болып табылады. «Тарихты білмей, болашаққа көз салма» дегендей өткенді де айтып өттік. Енді Қазақстанның болашағын елестетіп көрмекпіз. Бірде шет елден Қазақстанға бір топ саяхатшылар келеді. Арада бір неше жылдар өтіп кеткен болса керек. Ғылымы, білімі дамыған, гүлденген Қазақстанды көріп таң-тамаша болыпты. «Бұл қалай болғаны»? -деп жергілікті халықтан білмек болып сұрай бастапты. Сонда бір қарт кісі тұрып, былай деген екен: «Осы ата-баба бізге қанды шайқас арқылы сақтаған елімізді дамыту біздің жас кезіміздегі міндетіміз еді, ол міндетті біз былай орыдадық: 2020 Қазақ даласында ең алғаш Атом Электр Станциялары іске қосылды. Оның бірі Балқашта екіншісі Ақтауда орналасты. Қазір жұмыс істеп ең арзан, экологиялық таза электр қуатын өңдіріп жатыр ақ су, жел, күн, энергиясын пайдаланып электр қуатын өңдіріп жатырмыз. Соның арқасында бүкіл Қазақстан елі электр қуатымен қамтамасыз етіліп, жүздеген кәсіп- орындарымыз жұмыс істеуде, әр облыста, ауылдарда мыңдаған жылы жайлар соғылып, халықты қысы жазы көкөніспен қамтамасыз етеміз. Не керек еліміздің халқын түгелдей өзімізде өңдірілетін азық-түлікпен қамтып келеміз. Халқымыз не ішемін, не жеймін? - деп ертеңгі күніне алаңдамайтын болды. Жеріміз төрт-түлік малға толып 50 миллионға жетті. Табиғаттың берген байлығын халық игілігіне жаратып жатырмыз. Кейінгі 30-50 жылда жаңарған елдің халық саны 30 миллиоға жетті. Қазір әрбір отбасында 4-5 баладан бар. Астанадағы тұрғындардың саны артқан сайын 60-70 қабатты зәулім үйлер салынды. Астана және Алматы қалалары еліміздің ірі мегаполисіне айналды. Қаржы мен сауда орталығы атанды. Осы екі қаладағы халықтың өсуіне байланысты құрылыс жұмыстары қарқын алып, арендаға, ипотекаға берілетін үйлер көптеп соғылды. Осында тұрып жатқан отбасы шағын жұмыс орындарын дамытып, көптеген ел тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтыды. Еліміз дамыған сайын Жамбыл облысы туристтердің көп келетін орнына айналды. Оның ішінде 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы өзінің туристік орындарымен белгілі болды. Мұнда тарихи естеліктерге көп көңіл бөлініп, шет елден мыңдаған туристтер келіп жатыр. Келген туристтердің көбісі Қарахан Баба, Айша Бибі, Тектұрмас кесенелеріне соқпай кетпейді. Осылайша қалаға туристтердің келуіне, тарихымызбен танысуына жол ашылды. Сөйтіп Жамбыл облысы туристтер көп келетін тарихи алаңға айналып келеді. Кейінгі жылдың өзінде облыста 32 жоба іске асырылды. Жаңа өндіріс орындары ашылды, 10 мыңдай адам жұмыспен қамтылды.Туристтік кластердің дамуына байланысты жол қатынастарын дамыту қажет болды. Батыс Еуропа, Батыс Қытай авто жолы аяқталып оның пайдасын қарапайым халық және туристтер көріп жатыр. 2010 жылдың 7 желтоқсанында Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осыған орай бүгінде оқыту үрдісінде инновациялық технология енгізіліп, білім беру ісінің алдына жаңа міндеттер жүктелді. Бұрындары «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде оқып білім алатын болса, қазіргі күндері Оксворд, Кэмбридж сияқты атақты университеттер өз елімізде ашылды. Оны бітірген білімгерлеріміз өз еліне пайдасы молынан тиетін мамандар болып шықты. Олар Қазақстанда технологияның дамуына өз үлестерін қосты, жаңа ғылыми жаңалықтар ашты, іс жүзінде жүзеге асырылды. Олардың көбісі өндіріске енгізіліп кейбірі Нобель сыйлығына ие болды. Сөйтіп дүние жүзіне белгілі ғалымдар атаңды. Өңдірісте қол жұмысын қажет ететін жұмыстарды енді техника атқаратын болды. Өңдірістің өнімділігі 2-3 есе көбейді. Елдің еңбек етуге ынтасы артып, айлық табысы молайды. Ерекше жұмыс істеп еңбек еткендерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіліп тұрғын үй тегін берілетін болды. Жаңа технологияның өндіріске ене бастағанынан өнім шығару түрлері көбейіп озық елдер қатарына қосылдық. Осындай технологияның күрт дамуынан кейін ел жағдайы жақсара бастады, ауыл түгел өзгеріске ұшырап жаңарды, тұрғындардың жағдайы жақсарды. Ауыл өндірісі дамып көптеген шаруа қожалықтары ірілендіріліп, бірлесіп жұмыс істеу жолдары қолға алыңды. Ауылдағы барлық бос жатқан жерлер пайдаға асып, егін егіліп, бау-бақша өсірілетін болды. Ауылдарда шағын фермалар, мал бордақылау пункттері көптеп ашылып қаланы ет, сүт, терімен қамтамасыз етті. Сонымен қатар елімізде медицина саласы дамып, халықты емдейтін құрал-жабдықтармен әр медицина орталығы қамтамасыз етілді. Халықтың жыл сайын денсаулығын тексеріп тұруына мүмкіндік туды. Дәрігерлік көмек ауыл, қаланы толық қамтыды. Осындай дәрігерлік көмектің артуынан елдің денсаулығы жақсарып орташа өмір сүру 75 жасты құрады. Енді шет елдерде жасалатын күрделі операциялар өз елімізде ашылған дәрігерлік орталықтарда жасалып келеді. Еліміздің жақсы жағдайына қарай мәдениет ошақтары және спорт алаңдары көптеп салынды. Әрбір ауылда мәдениет үйі, кітапхана, жасаңды футбол алаңдары тұрғызылды. Ауыл мәдениеті қарқыңды дамыды. Жастармен әр түрлі қоғамдық жұмыстар жүргізіліп отыратын болды. Соның арқасында жастардың ұйымшылдығы артты, жастар ауылдың көркіне, тірегіне айналды. Ауылда мәдениет ошақтары көбейген сайын олардың белсенділігі күшейе түсті. Қазақстан 2011 жылы Қысқы Азия Ойындарын ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткізгендіктен, олимпияда комитеті Қазақстанға 2022 жылғы Қысқы Олимпияда алауын сеніп тапсырды, сенім ақталды еліміз олимпияданы мұңсіз орындады. Бұл спортағы жеткен ең биік шың еді. Спортшыларымыз алдыңғы қатардан көрінді, мұның өзі Қазақстанда спорт дамып кең етек алғаның көрсетті. Қазақстан Ислам елдері конференциясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, әрі республикамыздың ішкі, сыртқы саясаттағы ықпалдылығын арттырып, әлемдік қауымдастық алдыңдағы беделін нығайтты. Демократиялық үрдістерге жол ашылып елімізде кең көлемді саясат жүргізілді. Конституциямызға басқада мемлекеттердегі өзгерістерге байланысты түзетулер енгізілді, сол өзгерістерге сай енді елдің президенті 4 жылда бір сайланып 2 мерзімге ғана отыруға құқылы. Парламенттегі депутаттарда 4 жылға сайланды. Сайлау ережелеріне де таза жариялық жағдайында өту үшін өзгерістер еңгізілді. Сөйтіп құқықтық мемлекет құрдық. Сонымен қатар ауыл, қала әкімдері тағайындалмайды, дауысқа түсіп сайланды»-деп қарт сөзін аяқтады. Сонымен барлық міндетті іске асырдық ендігі жолды жастарға бердік, елдің болашағын енді солар алға қарай дамыта берсін. Еліміз өркениетті елдер қатарына қосылғалы бері бізде де жастарға көп көңіл бөлінуде. Жастар ұйымы көбейіп, олар экономиканың, саясаттың белсенді мүшелері болып келеді. Білімді жастар университет пен жоғары оқу орындарын басқаруда. Олар парламент депутаттары болып халқымызға керекті заңдар қабылдау үстінде. Үкімет жұмысыны араласып елді билеу тетігін өз қолдарына ала бастады. Жастар басқарған ұйымдар нәтижелі жұмыс істеп үлкен табыстарға жетуде. Жастарымызға берік сеніп халқымыз оларды ел басқаруға өздері ұсынуда. Сондықтан да еліміз гүлденіп, өнеркәсібіміз қарқыңды дамып дүние жүзіндегі алдыңғы мемлекеттер санатына қосылдық. Осындай елде өмір сүрген жастарымыз болашағы үшін еңбек етуден жалығар емес, халық оларға сеніп отыр...
Просмотров: 1956 | Добавил: MARAWERKEW | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Календарь
«  Декабрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 65
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Copyright MyCorp © 2024 Сделать бесплатный сайт с uCoz